ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕ КИБЕРСПОРТТЫ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Ахан Демеуов

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.28qaz

Түйінді сөздер:

киберспорт, цифрлық технологиялар, спорттық дайындық, жекпе-жек ойындары, спорттық тренажерлер, стресс, жарыс

Аннотация

Бұл мақалада спортшылардың физиологиялық көрсеткіштерін теориялық талдау қарастырылады. Автор киберспорт саласындағы заманауи білім көздеріне талдау жасады. Зерттеу негізінде киберспорт саласын дамытудың негізгі ерекшеліктері анықталды. Дене шынықтыруды спорттық дайындықтың барлық басқа түрлерімен біріктіру процесін оңтайландыру киберспортсменнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады.
Компьютерлік спорт тарихына ерекше назар аударылады, киберспорт жыл сайын осы спортты дамытуға миллиондаған доллар салатын ірі корпорациялардың қолдауына ие.
Киберспортшылардың физикалық дайындығына келетін болсақ, оны қандай да бір себептермен олар тек психофизиологиялық дайындықтың бөлігі ретінде қабылдайды. Физикалық қасиеттердің даму деңгейі кибеспортсменнің ойын деңгейінің тікелей көрсеткіші бола алмайтыны анық.

Загрузки

Жарияланды

2024-09-28

Шығарылым

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ