ЖАСТАР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.29qazТүйінді сөздер:
салауатты ұрпақ, салауатты өмір салты, салауатты өмір салтының психологиясы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік-психологиялық факторларАннотация
Mақалада жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтікпсихологиялық аспектілеріне арналған. Қазіргі қоғамда денсаулықты сақтау және нығайту маңызды құндылықтардың бірі ретінде қарастырылады, алайда жастар арасында салауатты өмір салтына деген қызығушылық пен жауапкершілік деңгейі әрқилы. Зерттеу жастардың денсаулыққа қатынасы, олардың өмірлік құндылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктері салауатты өмір салтын
ұстануға қалай әсер ететінін анықтауға бағытталған.
Мақалада салауатты өмір салтының психологиялық компоненттері, оның ішінде мотивация, өз-өзін басқару, әлеуметтік қолдау және орта факторлары талданады. Сондай-ақ, жастар арасында зиянды әдеттердің таралу себептері және олардың салауатты өмір салтының қарсы әсері қарастырылады. Жастардың салауатты өмір салтын ұстанудағы кедергілер мен қолайлы факторлар зерттеледі.