ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Авторлар

  • Кәмшат Өміртай
  • Айдарова А.Б

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.39qaz

Түйінді сөздер:

электр энергиясы, энергетика, аймақтық даму, экономика, табиғи ресурстар, қалпына келетін ресурстар, энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық ресурстар

Аннотация

Электр энергиясы - электр зарядтарының қозғалысы нәтижесінде пайда болатын энергия түрі және қазіргі қоғамда қолдануға болатын энергияның ең жан-жақты және ыңғайлы түрлерінің бірі. Ол тұрмыстық тұтынудан өнеркәсіптік өндіріске дейінгі өмір мен экономиканың барлық салаларында шешуші рөл атқарады. Мақалада Қазақстан Республикасының энергетика саласының құрылымына шолу жасаланып, ғалым-экономистердің энергетиканың экономикадағы рөлі туралы көзқарастары қарастырылды. Сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың түрлері баяндалды. Түркістан облысының өнеркәсібінің электрмен жабдықтау саласының 2018-2022 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне талдау жасалынды. Өңірдің электр энергиясын тұтынудағы негізгі мәселелері қарастырылды. Облыстың энергетика саласының қазіргі жағдайына талдау жасалынып, ағымдағы және болашақ кезеңге арналған жобаларға шолу жүргізілді. Аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға ұсыныстар берілді.

Загрузки

Жарияланды

2024-12-27