ТАШКЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫ ТАРИХЫНАН
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.45qazТүйінді сөздер:
ағарту институты, Ташкент, қазақ зиялылары, тарих, Халық ағарту комиссариатыАннотация
ХІХ ғасырдың 2-жартысында бүкіл қазақ халқының жартысынан астамы Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына кірген (1867-1917жж.), ал қазан төңкерісінен кейін Түркістан АКСР-дегі құрамында болды (1918-1924 жж.).Бұл әкімшілік-территориялық құрылым Орталық Азия халықтарының ұлттық-территориялық межеленгенге дейін жалғасты. (1924ж.). Қазақтардың едәуір бөлігінің экономикалық, саяси және мәдени өмірі орталығы Ташкент қаласы болған осы ұлан-ғайыр өлкенің тарихымен байланысты. Автор, Ташкенттегі Қазақ ағарту институты тарихын зертей отырып, арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың жарыққа шығуын, қазақ зиялыларының оқу-ағарту іс-әрекетіндегі рөлін көрсетуге тырысты. Жұмыстың хронологиялық шеңбері 1918-1928 жылдарды қамтиды. олардың таңдауы дәл сол кезде Қазақ педагогикалық курстары мен Қазақ педагогикалық училищесінің негізінде Қазақ ағарту институты құрылып, 1925 жылы Жоғары педагогикалық институт болып қайта құрылып, 1928 жылы Ташкенттен Алматыға көшіп келген.