ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 1920-1930 ЖЖ. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІННІҢ ӨКІЛДЕРІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.003qazТүйінді сөздер:
Мерзімді басылым, Жаңа Қазақстан, молда-ишандар, саяси репрессия, Рухани жаңғыруАннотация
Мақалада Кеңестік кезеңде Оңтүстік өңірі мен Шымкент қаласындағы қуғынсүргінге ұшыраған дін өкілдерінің талайлы тағдыры мұрағат материалдары негізінде біршама талдап-таразыланады. Сонымен қатар, зерттеуші тоталитарлық биліктің атеистік саясатын, исламға қарсы әрекеттерін сол кезеңдегі қазақ баспасөзінің бірегейі – «Еңбекші қазақ»,
«Социалистік Қазақстан» газетіндегі материалдарға сүйене отырып барынша ашып көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, ҚР Президент архиві материалдары мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік архивінің құпия құжаттарын да молынан пайдаланып, саяси репрессияға ұшыраған өңіріміздің молда-ишандарының тартқан тауқыметіне де мейлінше тоқталып өтеді.