Фарида БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.19.26qazТүйінді сөздер:
АКТ, биология пәні, заманауи білім беру, дағды, процесс, платформа, экспериментАннотация
Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда АКТ тиімді құрал ретінде пайдаланылуы тиіс, өйткені олар мұғалімдердің сабақ жүргізу әдістерін жаңартып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
АКТ-ның көмегімен биология пәні мұғалімдері интерактивті оқыту әдістерін, онлайн ресурстарды, виртуалды зертханалар мен симуляторларды қолдана отырып, оқыту процесін қызықты әрі тиімді етеді. Мұндай технологиялар мұғалімдердің білім беру барысында шығармашылық тәсілдерді игеруіне ықпал етіп, олардың кәсіби деңгейін көтеруге жол ашады. Осы орайда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесі мұғалімдердің АКТ-ны тек оқыту құралы ретінде емес, сонымен қатар жеке кәсіби өсу мен педагогикалық шығармашылықтың негізі ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
АКТ-ны тиімді пайдалану мұғалімдерге өз білімін үнемі жаңартып отыруға, оқыту сапасын арттыруға және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, білім беру сапасын жақсартуға және оқушылардың биология пәні бойынша терең білім алуына ықпал етеді.