ЖҰМСАҚ КҮШ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ: БАСТЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Жулдыз Турекулова ЮКУ им М. Ауэзова

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2025.12.25qaz

Түйінді сөздер:

Дж Най, жұмсақ күш , әлемдік саясат, жария дипломатия, геосаясат

Аннотация

Жаһандану үрдісі кеңінен таралып отырған және мәдениеттердің өзара ықпалдасуы мәселелері жағдайында ғылыми айналымға енгізілген «жұмсақ күш» термині барлық мемлекеттердің саяси бағытындағы өзекті мәселеге және маңызды зерттеу бағытына айналып отыр. Мақалада әлемдік саясаттағы басты тұжырым ретінде қарастырылып отырған «Жұмсақ күш» ұғымына теориялық талдау жасалынады. Жұмсақ күштің негізгі мәні, бағыттары, құралдары мен жүзеге асырушы тетіктері қарастырылады. Мақалада Батыс және ресейлік зерттеушілердің еңбегіне талдау жасау негізінде «жұмсақ күш» стратегиялық бағытына қатысты көзқарастарға талдау жүргізіледі. ХХ ғасырдың 80 жылдары саяси терминологияға енгізілген «жұмсақ күш» ұғымының ғасырлар қойнауынан бастау алатын тарихи шарттары зерттелінеді. Қазіргі кезеңдегі Америка Құрама Штаттары, Қытай Халық Республикасы және ислам әлемі тарапынан ұсынылып отырған «жұмсақ күш» саясаттарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына салыстырмалы талдау жасалынады.

Загрузки

Жарияланды

2025-03-31

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСАЯСИ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ПРОЦЕСТЕРІ