РЕАЛИЙ-ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.23.25qazТүйінді сөздер:
реалий, мораль, интеллек, дигрессия, лексика, функция, эквивалентАннотация
«Реалийлер» - басқа тілдерде сәйкес бірлігі жоқ, сол тілдің тұрмысында ғана
кездесетін және сол тілге ғана тән ерекше сөздер мен тіркестердің жиынтығы». Реалий - бұл белгілі
бір халықтың өміріне, өнеріне, тарихына, материалдық және рухани мәдениетіне қатысты ұғымдар.
Реалий сөздерді аударуда ұлттық және тарихи өзгешеліктерді дәлме-дәл қамтып, толық жеткізу
бүгінге дейін аударманың негізгі міндеттердің бірі болып келген. Көптеген тілші-ғалымдар өз
ғылыми еңбектерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» атауын қолданып жүр.
Алайда «реалий» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыруды ұсынатын ғалымдарымыз да бар.
Реалий сөздер, әсіресе, көркем шығармаларды өте жиі қолданылады. Олар белгілібір халықтың
тұрмысымен, мәдениетімен, болмысымен тығыз байланысты. Олар өз халқының тілі үшін қалыпты,
жалпылық сипатта қолданылса, ал өзге тілдер үшін жат болуы мүмкін. Ешқандай ұлттық бояуы мен
реңкі жоқ терминдер жасанды түрде жасалады және олар негізінен ғылым саласында қолданылады.
Мұндай терминдер тек зат пен құбылысты атау үшін ғана жұмсалады.