ТАРИХ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Алдабергенова М.К Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ
  • Режепова А.А

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.03.26qaz

Аннотация

Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану – ең алдымен білім алушылардың адамгершілік қасиеттерінің дамуына септігін тигізеді. Аталмыш мақалада тарихты оқытуда көркем шығармамен жұмыс істеудің бірнеше тиімді әдістері, оларға қойылар талаптар, мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктері қарастырылады. Тарихты оқыту мен көркем әдебиетті үйлестіріп қолданудың маңыздылығы кеңірек талқыланады. Көркем әдебиетті қолдану арқылы білім алушыларға тарихи оқиғалар, өзгерістер мен тарихи тұлғалардың бейнесін нақты әрі әсерлі түрде қол жекізу жолдары қарастырылады.

Көркем әдебиет тарихи деректермен қатар қиялға да сүйенеді. Ал, мұғалімнің міндеті – нақты дерек пен көркем қиялды ажыратып, білім алушыларға ғылыми түсінік беру.  Бұл мақаламызда білім алушыларда тарихты жалаң фактілермен емес, өмірлік оқиға ретінде қабылдауға, ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыруға жол ашу мүмкіндіктері талқыланады.

Загрузки

Жарияланды

2025-06-03

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ