АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ОҚЫТУ АРНАЙЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ОҚЫТУДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ПРИНЦИПТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.18.26qazТүйінді сөздер:
жобалық әдістер, технологиялар, арнайы білім беру, арнайы педагогтарды даярлауАннотация
Білім беру кеңістігі жетіліп, аталмыш өзгерістер оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын іздеуді қарастырады. Сондықтан, білім беру үрдісінде, соның ішінде біз қарастырып отырған арнайы педагогтарды даярлау барысында болашақта ерекше білім беру қажеттіктері бар балалармен түзетушілік - дамытушылық жұмысты олрадың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім беру технологияларының кең ауқымын қолдана білу маңызды. Олардың бірі - оқытудың жобалық технологиялары саналады. Жүйелі ұйымдастырылған іс -әрекет ретінде жобалық әдістің болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуда маңызы өте зор. Болашақ нысанның немесе іс - әрекет тәсілінің түйінді сипатталған образы ретінде жобалық әдіс тек оқу танымдық ғана емес, сонымен қатар танымдық, ойын және шығармашалық, зерттеушілік іс- әрекет болып, оның нәтижесі жобаны қолдану контекстінде белгілі бір мәселелерді немесе қиындықтарды шешу саналады. Жобалық әдіс контекстінде оқытуды сауатты ұйымдастыру үшін оның әдіснамасы мен психологиялық педагогикалық аспектілерін білу маңызды. Мақалада арнайы педагагтарды кәсіби даярлау барысында оқытудың жобалық технологиясын қолданудың педагогикалық - психологиялық аспектілері.