КӨРКЕМДІК МҰРА -МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.05.26qazТүйінді сөздер:
Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебі, қалыптасуы, нәзира дәстүріАннотация
Әдебиет тарихында сақталған халықтық шығармалар – өмір шындығын шынайы бейнелеп қана қоймайды, сопылықтың қайнары болып, түркі әлеміне таралған құнды мұраларымыздың және бастауын көне дәуірлерден тартқан, жалғаса жырланып келген фольклорлық мұраларымыз. Әсіресе, дидактикалық өлеңдер, салт өлеңдері, айтыстар, қисса-дастандар, терме-толғаулардан діл мен тілдің, діннің ішінде алтын иірімдей созылып жатқан имани құндылықтарымыздың сақталғандығын көрсетеді және сыртқы отарлық экспанцияның дәл осы айтылған мәселелерді алдымен бұзуға әрекет жасағандығын, осы күнге дейін бұл мақсаттың империялық саясатта күн тәртібінен түспегендігін де анықтайды. Сол алып арнаның қомақты бір бөлігіне - біз жүйелеп жүрген Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасуы негіздерінің жүйесіне назар салдық. Ол мектепте қаланған әдеби дәстүр мен ақындық мектептің қалдырған әдеби мұраларымыздың жанрлық құрамының қалыптасу негіздеріне, пайда болуы мен жазылу тарихына себеп болған қоғамдық-саяси тарихына, себеп-салдарына үңілдік.