ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.06.28qazТүйінді сөздер:
Түркі философиясы, әлемдік философия, түркі өркениеті, жаһандық мән, Ясауи ілімі, мораль, әділет, рухани мұра, құндылықтарАннотация
Бұл мақалада түркі философиясының әлемдік философия кеңістігіндегі орны мен маңыздылығы қарастырылған. Зерттеу барысында көне дәуірдегі Тәңірлік дүниетанымынан бастап ортағасырлық ойшылдар мұрасына дейінгі рухани-танымдық ілімдердің эволюциясы қарастырылады. Түркі дүниетанымының адам мен табиғаттың үйлесімді тұтастығын тануға негізделгендігі және билік пен моральдың бірлігін сақтау қағидасы көрсетіледі. Түркі философиясының тек аймақтық мәдени феномен ғана емес, бүкіләлемдік рухани мұра екендігін Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи сынды ойшылдардың еңбектері арқылы біле аламыз.
Сонымен қатар, мақалада түркі философиясының қазіргі кезеңдегі жаһандық құндылықтары және бүгінгі заман талаптарымен үндестігі, жаһандық құндылықтар дағдарысы жағдайында адамзатқа жаңа рухани бағдар ұсына алатын әлеуеті атап өтіледі. Қазіргі әлемде философиялық ой-пікірдің рөлі тек академиялық салада ғана емес, әлеуметтік және мәдени өмірде де артып келеді. Түркі философиясы өзінің тарихи сабақтастығы мен рухани тереңдігі арқылы адамгершілік, әділет, толеранттылық сияқты құндылықтарды насихаттай алады. Ол қазіргі заманның күрделі мәселелерін шешуге бағытталған дүниетанымдық негіз болып, мәдениаралық диалогты дамытуға үлес қосады.

