ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ӘСКЕРИ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨРІНІСІ

Авторлар

  • Байменова С.С
  • Батырбекова К.А
  • Мустафа Угурлу

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.16qaz

Түйінді сөздер:

мәмлүк қыпшақ тарихы, әскери терминология, «Муниет ул-гузат», тарихи жазба, қолжазба, мәдени мұра, жәдігер, жауынгерлік өнер

Аннотация

Мақалада мәмлүк-қыпшақ дәуірінде жазылған ортағасырлық «Муниет ул-гузат» әскери трактатының тарихи-тілдік және мәдени маңызы қарастырылады. Түркі халықтарының ортағасырлық әскери тарихы мен тілдік мұрасын зерттеу қазіргі түркітануда өзекті ғылыми бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда,  мәмлүк-қыпшақ кезеңінде хатқа түскен  жазба ескерткіштер тарихи-тілдік дереккөз ретінде айрықша мәнге ие.

Зерттеу барысында қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштер қазақ тілінің тарихи-тілдік негізін айқындайтын маңызды дереккөз ретінде қарастырылады. Мәмлүк-қыпшақ дәуірінің әскери дайындығын сипаттайтын лексикалық бірліктер талданады. «Муниет ул-гузат» жазба ескерткішінде кездесетін әскери лексика қару-жарақ атаулары, әскери құрылым, тактикалық және рухани-әлеуметтік категориялар тұрғысынан жүйеленіп, олардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы  көрсетіледі. Атты сарбаздардың жауынгерлік дайындығын көресететін құрал-жабдықтарының қазіргі қазақ тіліндегі сабақтасытығы сипатталады. Отрағасырлық қолжазбалардың мазмұны мен тілдік табиғаты жөнінде бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын білдіріп, осы бағытта арнайы ғылыми еңбектері ұсынылады. Мақалада түркі халықтарының ортақ әскери мәдениеті мен тілдік дәстүрінің тарихи сабақтастығы айқындалады.

Загрузки

Жарияланды

2026-03-04

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

##category.category##