ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМЫ - ТАРИХИ МҰРА (КӨНЕ ЖӘДІГЕР ІЗІМЕН)

Авторлар

  • Қабыл А.Ә

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.03qaz

Түйінді сөздер:

материалдық мәдениет, мәдени мұра, қолданбалы қолөнер, киіз үй, ағаш бұйымдары, сықырлауық, ою-өрнек.

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада қазақ халқының ертеден жалғасқан қолөнер бұйымы – киіз үй сықырлауығындағы ою-өрнектердің дүниетанымдық мәні туралы баяндалады, сонымен бірге тарихи-мәдени мұра ретіндегі маңызын кейінгі жас ұрпақ өкілдеріне насихаттай отырып, сақтап, жеткізуді мақсат тұтқан. Бүгінгі таңда еліміздің ертеден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық мәдениет пен өнеріміздің тегін тектеу, болмысын тану, оның асыл нұсқаларын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру өскелең өмір талабы болып отыр. Осы негізде материалдық және рухани мәдениет мұралары, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, қорғау мен жаңғырту мақсатында көптеген маңызды іс-шаралар атқарылып жатыр. Халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын, ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен қолтаңбасы – ескерткіш мұраларымызды өнеге тұтпай жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Қолөнер әрбір халықтың көне тарихымен біте қайнасып, келе жатқан дәстүрлі өнер.  Басқа халықтар секілді қазақ халқының қолөнері де ғасырлар  бойы дамып, жетіліп халық тұрмысына сіңіудің нәтижесінде оның ұлттық мәдениетінің күрделі саласында айналды. Зерттеудің маңызы да осында.

     Егеменді еліміздің мемлекеттік рәмізінде құрылымдары көрініс тапқан киіз үйді сәулеттендіру өнері асқан шеберлікті қажет етті. Халқымыздың негізгі баспанасы болған киіз үйдің жасалуында адамзаттың астрономиялық, математикалық, физикалық, философиялық, өмірлік тәжірибесіндегі ғылыми танымы көрініс тапқан. Киіз үйдің әрбір бөлшегі әлі де болса жете зерттеуді қажет ететін халық мұрасының киелі үлгісі.

Загрузки

Жарияланды

2026-03-04

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ