АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЖӘДИШІЛДІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.06qazТүйінді сөздер:
Ахмет Байтұрсынұлы, жәдидшілдік, ағартушылық, ұлттық білім беру, әліпби реформасы, төте жазу, дыбыстық әдіс.Аннотация
Зерттеуде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы жәдидшілдік қозғалысының қазақ қоғамы мен ел аумағында ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына ықпалы тарихи-лингвистикалық және педагогикалық тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында жәдидшілдіктің пайда болу алғышарттары, оның отарлық ассимиляциялық саясат жағдайындағы
ағартушылық, мәдени және рухани жаңғыру құралы ретіндегі қызметі сараланады. Сонымен қатар, қозғалыстың қазақ зиялыларына, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлының дүниетанымы мен ағартушылық ұстанымына әсері айқындалады. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мектеп моделін қалыптастыру, ана тілінде білім беру қағидатын негіздеу, қазақ әліпбиін реформалау және оқу құралдарын жүйелеу бағытындағы қызметін жәдидтік идеялар контексінде кешенді зерделеуді мақсат еттік. Қазақ қоғамындағы отарлық білім саясатына ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының көзқарасын, оның жәдидтік идеяларды ұлттық мүддемен ұштастыру тәсілдері көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде жәдидшілдіктің қазақтың білім беру мен рухани өрлеуіндегі маңызды тарихи құбылыс болғаны және А.Байтұрсынұлының бұл үдерістегі шешуші рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде жәдидшілдіктің қазақ қоғамындағы білім беру мен рухани өрлеудің маңызды факторы болғаны, ал ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл үдерістегі қызметі ұлттық білім философиясының негізін қалаған стратегиялық құбылыс екені тұжырымдалады.

