АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУШЫ РЕТІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.08qazТүйінді сөздер:
жасанды интеллект, технологиялар, ЭЕМ бағдарламалары, азаматтық құқық объектілері, зияткерлік меншік құқығыАннотация
Зерттеуде отандық және шетелдік доктринадағы жасанды интеллекттің құқықтық
табиғаты мен құқықтық мәртебесін түсінудің қалыптасқан тәсілдері талданды. Бұл саладағы
құқықтанушылардың ең маңызды позициялары, сондай-ақ даулы мәселелер анықталды. Жасанды
интеллекттің әртүрлі формаларымен қатысатын азаматтық қатынастарды реттеудің ықтимал
тәсілдері белгіленді. Сонымен қатар жасанды интеллект азаматтық құқықтық ұатынастарының
объектісі деген гипотеза, сондай-ақ «жасанды интеллект» және «жасанды интеллект
технологиялары» терминдеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жасаумен қатар жасанды
интеллектінің құқықтық мәртебесін айқындауға қатысты бөлігінде азаматтық-құқықтық заңнаманы
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді және ұсынылды. Зерттеу азаматтық құқық тұрғысынан
қазіргі қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлін талдауды ұсынады. Жұмыс автономды жүйелердің
әрекеттері, деректерді қорғау, авторлық құқық және шарттық қатынастар үшін жауапкершілікті қоса
алғанда, әртүрлі салаларда жасанды интеллектті пайдаланудың құқықтық аспектілерін талқылайды.
Сонымен қатар, қазірдің өзінде ақылды роботтар өз әрекеттерін әртүрлі дәрежеде «саналай» алады
және бағалай алады. Осылайша, ЖИ-дің құқықтық мәртебесі оның өзіндік санасының (немесе оның
жоқтығының) ерекшелігін түсінуге байланысты болады.

