«ДАНА ХИКАР» ЖАЗБА МҰРАСЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ СИПАТЫ

Авторлар

  • Бошан Н.Б
  • Кенан Коч

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.13qaz

Түйінді сөздер:

Дана Хикар, көне түркі тілі, ескерткіш, лексика, тарихи лексикология, семантикалық өріс, кірме сөздер, дидактикалық мәтін

Аннотация

Мақалада көне түркі жазба мұраларының бірі - «Дана Хикар» ескерткішінің
лексикалық құрамы тарихи-лингвистикалық тұрғыдан талданады. Ескерткіш тілі түркі әдеби тілінің
қалыптасу кезеңіндегі лексикалық жүйені, семантикалық өрістерді және мәдени-танымдық
ұстанымдарды айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты – мәтіндегі лексикалық
бірліктерді тақырыптық-семантикалық, құрылымдық және этимологиялық тұрғыдан сипаттау,
олардың тарихи тіл дамуы үдерісіндегі орнын анықтау. Зерттеу материалы ретінде «Дана Хикар»
мәтінінің жарияланған нұсқалары негізге алынды. Талдау барысында салыстырмалы-тарихи,
сипаттамалы, семантикалық өріс, компоненттік талдау әдістері қолданылды. Лексикалық байырғы
түркілік қабат, кірме элементтер және тұрақты тіркестер жүйесі бойынша жіктелді. Зерттеу
нәтижесінде ескерткіш лексикасының басым бөлігін жалпытүркілік байырғы сөздер құрайтыны
анықталды. Әлеуметтік құрылым, билік, адамгершілік ұстанымдар, тұрмыстық қатынастарға
қатысты атаулар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар араб-иран тілдерінен енген діни-этикалық
және абстракт ұғымдарды білдіретін кірме сөздер де кездеседі. Мәтінде метафоралық қолданыстар,
дидактикалық формулалар, мақал-мәтелдік құрылымдар белсенді қызмет атқарады. Лексикалық
қабаттардың өзара сабақтастығы көне түркі әдеби тілінің даму деңгейін және мәдени
байланыстарды көрсетеді. «Дана Хикар» ескерткішінің лексикасы көне түркі тілінің сөздік құрамын,
семантикалық құрылымын және дүниетанымдық жүйесін тануда маңызды дереккөз болып
табылады. Ескерткіш мәтініндегі лексикалық бірліктер түркі тілдерінің тарихи сабақтастығын
айқындап, әдеби тіл нормаларының қалыптасу үдерісін сипаттайды.

Загрузки

Жарияланды

2026-03-04

Шығарылым

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ