ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕМЕНШІК ТЕАТРЛАРЫ МӘДЕНИ КӘСІПКЕРЛІК ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.29.20qazТүйінді сөздер:
жекеменшік театр, мәдени кәсіпкерлік, креативті экономика, мәдени менеджмент, инновация, тұрақты дамуАннотация
Бұл мақалада жекеменшік театрлар қазіргі заманғы мәдени кәсіпкерлік пен креативті экономикадағы маңызды құбылыс ретінде қарастырылады. Жекеменшік театрлардың пайда болуының тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары талданды. Нарық жағдайында тәуелсіз театрлардың жұмыс істеу ерекшеліктері анықталды. Теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, автор басқару модельдерін, өзін-өзі қаржыландыру тетіктерін, репертуарлық саясатты және аудиторияның өзара әрекетін зерттеді. Эксперименттік бөлімде ARTиШОК (Алматы), Teatro 360 (Астана) және «Shymkent City Theatre» (Шымкент) театрларынан мысалдар талданады. Зерттеу нәтижелері жекеменшік театрлардың Қазақстандағы мәдени саясатты дамытуда, әлеуметтік сұхбат кеңістігін қалыптастыруда және тәрбиелік миссияны орындауда маңызды рөл атқаратынын растады. Олар сондай-ақ, жекеменшік театрлардың театр өнерінің инновациялық түрлері мен цифрлық технологияларды енгізу, мәдениет пен бизнес арасындағы байланысты нығайту алаңына айналып келе жатқанын көрсетеді. Қорытындыда жекеменшік театрлардың шығармашылық бірлестіктер ғана емес, сонымен қатар, өзін-өзі басқару, бастамашылық, мәдени кәсіпкерлік қағидаларына негізделген ұлттық мәдениеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін шығармашылық экономиканың белсенді қатысушылары екенін көрсетті.

