ТАРИХ САБАҒЫНДА АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Алдабергенова М.К
  • Режепова А. А

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.01qaz

Түйінді сөздер:

көркем әдебиет, ашаршылық, эмпатия, ұлттық жады, тарихи сана, сыни ойлау, тарихи дерек, проблемалық оқыту т.б.

Аннотация

Мақалада тарих сабақтарында ашаршылыққа байланысты тақырыптарды көркем әдебиет пен заманауи оқыту әдістерін тиімді ұштастырып оқыту мәселелері қарастырылады. Қазақстан тарихындағы ең қайғылы да қасіретті кезеңдердің бірі 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тоталитарлық жүйе мен күштеп ұжымдастыру саясатының нәтижесі болып, қазақ халқының демографиялық, әлеуметтік және рухани дамуына орасан зор зиян келтірді. Бұл мақалада ашаршылық жылдарын қарастыруда көркем әдебиетті пайдаланудың тиімді әдістері, оларға қойылатын талаптар, мұғалім мен білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктері, көркем әдебиетті қолданудың бірнеше тәрбиелік маңыздары жан-жақты қарастырылады. Тарихты оқыту мен көркем әдебиетті үйлестіре пайдаланудың маңыздылығы кеңірек талқыланады. 

Загрузки

Жарияланды

2026-06-16

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ
58 PDF: 28