ТҮРКІ ҚАҒАНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛЫ ЖОРЫҚТАР ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ

Авторлар

  • Бескемпирова Г.К
  • Турсунбаева Г. К
  • Бекмұхамед С.П

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.11qaz

Түйінді сөздер:

Түркі қағандығы, Білге қаған, руна жазба, Орхон ескерткіштері, ұлттық мұра, түркі өркениеті, Тәңірге табыну, жорықтар, тәуелсіздік, ұлттық рух

Аннотация

Бұл мақалада Түркі қағандығын қалыптастырудағы ұлы жорықтардың тарихи маңызы және олардың көне түркі руна жазба ескерткіштерінде көрініс табуы қарастырылады. Білге қаған дәуіріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістер, түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасуы және Орхон, Енисей, Талас өңірлеріндегі жазба ескерткіштердің қазақ халқы тарихымен сабақтастығы ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар көне түркі жазбаларының ұлттық рухани мұра ретіндегі құндылығы айқындалады. Түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуы адамзат тарихындағы аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Әсіресе Түркі қағандығының құрылуы – саяси тәуелсіздікке ұмтылған халықтардың күресінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар біртұтас мемлекеттік жүйе мен рухани-мәдени кеңістіктің қалыптасуына негіз болған тарихи құбылыс. Бұл үдерісте көк түріктер жүзеге асырған ұлы жорықтар ерекше орын алады. Олар тек әскери жорық ретінде емес, жаңа саяси құрылым орнатуға, халықты біріктіруге және ұлттық сананы нығайтуға бағытталған ауқымды тарихи қозғалыс ретінде бағаланады. Қазақ халқының ислам діні енгенге дейінгі Тәңірге табыну нанымы мен ежелгі дәстүрі, түркілік–ұлттық рухы тасқа және қағазға жазылған көне түркі руна жазбаларының қан таратар жұлыны болып жасалған. Бесіншіден, Орхон, Енисей Алтай, Талас өңіріндегі тасқа түсірілген көне түркі жазбалары қазақ халқына тікелей қатысты төл мұрасы деуге болатынын мұнан да нақтылай, айғақтай түсу үшін академик Ә.Марғұланның: «Ең таңсық нәрсе Алтай мен Моңғол жерінен табылған үңгіттер мен керейлердің жазулары.

Загрузки

Жарияланды

2026-06-16
18 PDF: 3