ҚАЗАҚ ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЕР АДАМҒА ҚАТЫСТЫ ПОЗИТИВТІ ЖӘНЕ НЕГАТИВТІ СТЕРЕОТИПТІК МОДЕЛЬДЕРДІ КОГНИТИВТІК ТҰРҒЫДА ТАЛДАУ

Авторлар

  • Миятбекова З.У
  • Пиримкулова А.А
  • Абитова Г.У

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.12qaz

Түйінді сөздер:

гендерлік лингвистика, антропоцентристік парадигма, концепт, «Ер адам» концептісі, мақал-мәтелдер, когнитивтік модель, лингвомәдениеттану, ұлттық дүниетаным, гендерлік стереотип, этномәдени ерекшелік, паремиология, тілдік бейне

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер негізінде «Ер адам» концептісінің гендерлік-лингвомәдени сипаты антропоцентристік парадигма аясында қарастырылды. Зерттеу барысында ер адам бейнесінің ұлттық дүниетаныммен, этномәдени құндылықтармен, халықтың салт-дәстүрі мен әлеуметтік тәжірибесімен тығыз байланыста қалыптасқаны анықталды. Мақал-мәтелдердегі «ұл», «жігіт», «отағасы», «әке», «ақсақал» сияқты микроконцептілер арқылы қазақ халқының ер адамға қатысты танымдық моделі мен бағалау жүйесі айқындалды. Сонымен қатар, ер адамға тән жағымды және жағымсыз қасиеттердің когнитивтік модельдері сараланып, олардың ұлттық мәдени кодты танытудағы қызметі көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде мақал-мәтелдердің гендерлік стереотиптерді қалыптастырушы әрі ұлттық дүниетанымды бейнелеуші маңызды тілдік бірлік екендігі дәлелденді. «Ер адам» концептісі қазақ халқының рухани құндылықтарын, моральдық ұстанымдарын және әлеуметтік көзқарасын танытатын маңызды концептілік құрылым ретінде сипатталды. Антропоцентрлік парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді. ТМД елдерінде гендерлік топшылаулар, ой-тұжырымдар 1990 жылдарда пайда бола бастады. Ресейде М.Арутюнян, Т.Рурко, А.Клецин, О.Воронина, Т.Клименкова, В.Бодрова т.б. зерттеушілер гендерлік бағытты дамытты.

Загрузки

Жарияланды

2026-06-17
46 PDF: 15