ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЭТНО СТИЛЬ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТРЕНДТЕР МЕН ПРОЦЕСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.05qazТүйінді сөздер:
этно стиль, топтама, кестелеу, ұлттық құндылық, сән, шығармашылық, материал, ою-өрнек, сән, жаңа бағыт, тренд, мәдени мұра, мәдениетАннотация
Мақалада этно стиль және ұлттық құндылық секілді тақырыптар аясында шығармашылық талдау жасалынып, қазақ жастарының араасында этно дизайнды жаңа бағытта жарнама жасау баяндалып, ұлттық киімізді күнделікті гардеробта қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Қазіргі таңда этно стильдің орны ерекше, өйткені ол ұлттық мәдениеттердің бірегейлігін сақтап, заманауи қоғамға бейімделу процесінде маңызды рөл атқарады. Этно стильдің трендтері мен процестері жаһандану мен мәдени интеграцияның әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Қазақстанда этно стильдің дамуы ұлттық киімдер мен дәстүрлерді жаңғырту, мәдени мұраны сақтау және әлемдік мәдениетке қосқан үлес ретінде қарастырылады. Бұл бағыттың сән индустриясында, экономикада және қоғамда алатын орны маңызды, өйткені ол ұлттық идентификацияны нығайтып, жаңа мүмкіндіктер мен даму жолдарын ашуға ықпал етеді. Этно стильдің болашағы жастардың шығармашылығында, инновациялық шешімдерде және мәдени алмасуда жатыр, әрі бұл бағыттың дамуы ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, әлемге танытуда маңызды қадам болмақ.

