КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНА

Авторлар

  • Спанов М.Ж
  • Мейманбеккызы М

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.30.06qaz

Түйінді сөздер:

көшпенді өркениет, табиғат философиясы, тәңіршілдік дүниетанымы, қазіргі экологиялық сана

Аннотация

Мақалада көшпенділердің табиғатпен қатынасының философиялық негіздері

және оның қазіргі экологиялық сана қалыптастырудағы рөлі кешенді түрде талданады.

Сонымен қатар, көшпенді дүниетанымындағы табиғат ұғымының мәне анықталып, оның

заманауи экологиялық санадағы маңызы қарастырылған. Талдау барысында адам мен

табиғаттың тұтастық қағидасы, жер мен судың сакралды мәретебесі, маусымдық көші

қонның экожүйелік тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы және дәстүрлі экологиялық білім

мазмұны қарастырылды. Көшпенді қоғамда табиғат ресурстық нысан ретінде емес,

тіршіліктің киелі кеңістігі, әрі, моральдық жауапкершілік аймағы ретінде қабылданғаны

айқындалады. Бұл ұстаным табиғатты ұтымды пайдалану, ұрпақтар сабаұтастығын сақтау

және ортаға зиян келтірмеу принциптерімен сипатталады. Зерттеу нәтижелері көшпенді

философиялық мұраның қазіргі тұрақты даму тұжырымдамасымен мазмұндық

сабаұтастығын дәлелдейді және ұлттық экологиялық мәдениетті жаңғыртудағы әлеуетін

негіздейді. Зерттеу жұмысында көшпенділердің табиғатқа деген көзқарасы, оның сакралды

және үйлесміді сипаттары, сондай-ақ адам мен табиғат арасындағы өзара байланыс

мәселелері талданады. Зерттеу барысында жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалып,

көшпенділер дүниетанымының табиғатқа қатысты негізгі қағидалары жүйелі түрде

талданған. Сонымен қатар, зерттеу әдістері мен осы тақырыпқа зерттеу жүргізген ойшылдар

туралы (Шоқан Уалиханов, Әлихан Бөкейхан, Лев Гумилев) мәліметтер көрсетілгенү

Жұмыста зерттеу нәтижелері қорытындыланып, көшпенділердің табиғатпен үйлесімді өмір

сүру тәжірибесінің қазіргі экологиялық сана үшін маңызы айқындалады. Қорытындылау

бөлімінде зерттеудің ғылыми жаңалығы көшпенділердің табиғат философиясын қазіргі

экологиялық ойлаудың өзекті, әрі, баламалы моделі ретінде негіздеумен сипатталады.

Загрузки

Жарияланды

2026-06-16

Шығарылым

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
21 PDF: 4