ИСПИДЖАБТАҒЫ ҚАРАУЫЛТӨБЕ ТИПІНДЕГІ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТОПОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰЖАТТАУ ӘДІСТЕРІНЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.13qaz

Түйінді сөздер:

археология, топография, фортификация, Қарауылтөбе, ГАЖ, фотограмметрия, ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА)

Аннотация

Мақала Испиджаб тарихи-мәдени округінің аумағында орналасқан Қарауылтөбе типіндегі қорғаныс құрылыстарын зерттеу нәтижелеріне арналған. Зерттеу нысаны іргелес аумақтардың, әсіресе қалалық орталықтар мен сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ежелгі қорғаныс және көрнекі ескерту жүйесі болды. Зерттеу негізіне топографиялық түсірілім, геоақпараттық талдау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып жүргізілген аэрофототүсірілім және фотограмметрия әдістерінің деректері алынды. Алынған деректер негізінде цифрлық модельдер, ортофотожоспарлар, биіктік карталары және топографиялық жоспарлар жасалды. Бұл жұмыстар олардың типологиялық ерекшеліктерін, жоспарлануын, өлшемдерін, кеңістікте орналасуын және функционалдық мақсатын анықтауға мүмкіндік берді.

Биографии авторов

Ергешбаев А.А, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ

Бейсенов Н.Б, ЮКИУ им. М.Ауезова

«Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының ҒҚ

Загрузки

Жарияланды

2026-09-14

Шығарылым

Бөлім

ӨЛКЕТАНУ – АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ
59 PDF: 19