ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІНІҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Авторлар

  • Юсупова А.А
  • Юсупов А.Н
  • Ажидинов А.С

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.15qaz

Түйінді сөздер:

Кілт сөздер: бейнелі фольклор, батырлық эпос, айтыс, Тамғалы, «күнбасты» бейнелер.

Аннотация

Орталық Азия мен Сібірдің қола дәуіріне жататын бірегей петроглифтері ғылыми зерттеудің маңызды нысаны болып табылады. Сонымен қатар «күнбасты құдайлар» деп аталатын бейнелердің семантикасы бүгінгі күнге дейін ғылыми пікірталас тудырып келеді. Мақалада аталған бейнелердің мағыналық мазмұны мен тарихи-мәдени мәні қарастырылып, олардың шығу тегі мен дүниетанымдық негіздеріне қатысты авторлық гипотеза ұсынылады.

        Ғалымдар петроглифтерді мифологиялық түсініктерді, ғұрыптық тәжірибелерді және көне эпикалық дәстүр элементтерін бейнелейтін «бейнелі фольклордың» ерекше түрі ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан мақалада Орталық Азия мен Сібірдегі жартас суреттерінің түркі халықтарының батырлар жырымен және суырыпсалма ақындардың поэтикалық сайысы — айтыс дәстүрімен өзара байланысын анықтауға талпыныс жасалады.

         Басынан сәуле тараған антропоморфты тұлғалар тек мифологиялық кейіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар сакралды ортаға жататын ерекше дарынды  бақсыларды — ақын, музыкант, емші және көріпкел қызметтерін қатар атқарған тұлғаларды бейнелеуі мүмкін деген болжам ұсынылады. Бастың сәулелі түрде берілуі олардың ерекше рухани мәртебесі мен айрықша қабілеттерін символдық тұрғыда білдіруі ықтимал.

Тамғалы петроглифтерінің басты галереясына ерекше назар аударылады. Ірі көлемде бейнеленген «күнбасты» екі тұлға қыз бен жігіттің сөз сайысының, яғни поэтикалық жекпе-жектің ықтимал прототипі ретінде түсіндіріледі. Би билеп тұрған  кейіпкерлер мен үй жануарларының бейнелері орталық тұлғалармен бірге тұтас мерекелік-ғұрыптық композиция құрайды.

Зерттеуде графоаналитикалық және сипаттамалық әдістер қолданылды. Айтыс, жартас бейнелеріндегі көркем баяндау және батырлар жыры біртұтас мәдени-мағыналық жүйенің өзара байланысты құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады.

Загрузки

Жарияланды

2026-09-14

Шығарылым

Бөлім

ӨЛКЕТАНУ - ӨНЕРТАНУ
44 PDF: 17