СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛУ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.31.04qazТүйінді сөздер:
Семей ядролық полигоны, Невада-Семей қозғалысы, антиядролық саясат, ядролық қарусыздану, экологиялық зардаптар, халықаралық қауіпсіздікАннотация
Мақалада Семей ядролық полигонының жабылу тарихы, Қазақстандағы антиядролық қозғалыстың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның ядролық қарусыздану саясаты қарастырылады. «Невада-Семей» қозғалысының қоғамдық-саяси маңызы, оның ядролық сынақтарды тоқтатудағы рөлі және полигонның жабылуына ықпалы талданады. Сонымен қатар Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың экологиялық, әлеуметтік және медициналық зардаптары сипатталады. Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызы мен әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны көрсетіледі. Полигонды жабу мен ядролық қарудан бас тарту Қазақстан тарихындағы ең маңызды саяси шешімдердің бірі ретінде бағаланады және оның тарихи маңызы қазіргі кезеңде де өзектілігін жоғалтпады. Зерттеудің методологиялық негізі тарихи танымның объективтілік, тарихи сабақтастық және жүйелілік қағидаттарына сүйенеді. Бұл қағидаттар оқиғаларды олардың тарихи контекстінде қарастырып, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылды, ол Кеңес Одағы кезеңіндегі ядролық саясат пен тәуелсіз Қазақстанның ядролық қарусыздану бағытын салыстыруға негізделген. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру жолындағы бастамаларының тарихи маңызын айқындайды.

