ЖОШЫ ҰЛЫСЫ: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМЕНТҰРМЫСЫ (ЕВРОПАЛЫҚ САЯХАТШЫЛАР ДЕРЕГІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Сәрсенбай Карибаев «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журнал2(18) 06/ 2023«QAZAQTANÝ»республиканский научный журнал 2(18) 06/ 2023«QAZAQTANÝ»republican scientific journal2(18) 06/ 20235ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР БАҒЫТЫНАПРАВЛЕНИЕ ГУМАНИТАРНЫХ НАУКDIRECTION OF THE HUMANITARIAN SCIENCESтақырыптық рубрикалар / тематические рубрики / subject headingsҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА HISTORY OF KAZAKHSTANҒТАХР: 03.20https://orcid.org/0000-0002-4255-5800https://orcid.org/0009-0003-4634-591XКарибаев С.Ө.*,Байназарова Б.Ә.тарих ғ.к, доцент, М.Әуезоватындағы ОҚУ.Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.04qaz

Түйінді сөздер:

Жошы Ұлысы, қазақ халқы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, шетел саяхатшыларының еңбектері

Аннотация

Қазақтың халық болып қалыптасып, бүгінгі күнге дейінгі төрт мыңжылдық және мемлекеттілігінің үш мыңжылдық тарихында алты ғасырлық уақытты қамтитын Жошы Ұлысы немесе Ұлы Ұлыс (Қыпшақ Ұлысы-К.С.) кезеңінің алатын орны ерекше.
Аталған уақыт пен кеңістік тоғысында қаншама саяси, халықаралық, тарихи, шаруашылық, мәдени оқиғалар орын алды. Бір халықтың екінші бір халыққа әсер ету, ықпалдасу үдерістері жүзеге асты. Соның бірі-халықтың тілі, діні, ділі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.
Зерттеу барысында айқындалғаны Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түркілік дәуіріндегі халықтың тілі, діні, ділі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі орта ғасыр, жаңа заман, қазіргі заманда да орын алған саяси-тарихи оқиғалар мен ішкі және сыртқы факторлардың күшті ықпалына қарамастан өзгеріске түспей сақталғандығы. Бұл-халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ішкі рухының, ұлттық тәрбиесінің мықтылығын көрсетеді.
Айтылған қорытындыларымызға орта ғасырларда Қазақ жеріне түрлі себептермен келген Морко Поло, Плано Карпини, Бенедикт Поляк, Гильом де Рубрук, Иосафат Барбаро сияқты шетелдік саяхатшылардың жазбалары дәлел бола алады. Әртүрлі кезеңдегі шетелдік саяхатшылардың жазбаларында көрініс тапқан тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр мәселесі бүгінгі күнгі қазақ халқының ішкі табиғатынан туындайтыны анық.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ