ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ

Авторлар

  • Негматжан Алметов

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.16qaz

Түйінді сөздер:

эмоционалды интеллект, қиын жасөспірімдер, тәрбиелеу қиындығы, тәрбиелеу қиындығының алдын алу, эмоционалды өзара әрекеттесу

Аннотация

Мақалада жасөспірім балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту мәселесіне ретроспективті талдау жасалынған. Эмоционалды интеллектті қалыптастыру және дамыту жасөспірімдік кезеңде тәрбиелік қиындықтардың алдын алу және жеңудің тиімді тәсілдері мен шешімдерінің бірі ретінде қарастырылады. Жеткіншек жастағы оқушылардың эмоционалдық интеллектінің дамуы мен тәрбиелік қиындықтары туралы шетелдік және отандық ғалымдардың
зерттеу жұмыстарына талдау берілген. Мәселе бойынша еңбектерді талдау және жалпылау негізінде тәрбиелік қиындықтардың алдын алу және жеңу үшін жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектін дамытуға бағытталған педагогикалық күш-жігердің қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Жасөспірім балалардың эмоционалдық интеллектінің дамуының әлеуметтік-психологиялық алғы шарттары мен ерекшеліктері айқындалады. Жеткіншектердің эмоционалдық интеллектінің негізгі элементтері нақтыланып, олардың қысқаша сипаттамасы берілген. Жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектінің құрылымы берілген. Жасөспірімнің эмоционалдық интеллектінің дамуы мен олар тәрбиесіндегі қиындықтардың алдын алу және жеңу арасындағы байланыс факторы анықталады.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28