ТЕАТР ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Қарлығаш Жолдасбекова
  • Кудайбергенов Е.Н
  • Кадыралиева А.М

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.44qaz

Түйінді сөздер:

педагогикалық қолдау, шығармашылық белсенділік, жастық, театрлық іс-әрекет, шығармашылықты дамыту

Аннотация

Ұсынылған мақалада театр іс-әрекетіндегі жастардың шығармашылық белсенділігін
дамытудағы педагогикалық қолдаудың маңызы мен рөлі қарастырылды. Сараптамамызда жастардың
театрға белсене араласуы олардың жеке басының ғана емес, қоғамдық дамуына да септігін
тигізетінін баса айттық. Тәлімгерлік, шеберлік сабақтары мен шығармашылық зертханаларды
қамтитын педагогикалық қолдау жастардың сенімін арттыруда және өзін-өзі көрсетуде маңызды рөл
атқарды және атқаруда. Авторлар әр қатысушыға жеке көзқарастың маңыздылығын көрсете отырып,
педагогикалық қолдаудың әртүрлі тәсілдерін талдады. Педагогикалық қолдаудың көмегімен жүзеге
асырылған сәтті театр жобаларының мысалдары келтірілген, бұл өз кезегінде мұндай
бастамалардың жастардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби шеберлігіне оң әсерін көрсетеді.
Мақала жастардың театр өнері мен шығармашылығын дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру
ортасын құру қажеттілігіне назар аударуға арналған.

Загрузки

Жарияланды

2024-12-27

Шығарылым

Бөлім

ӨНЕР(МУЗЫКА; ХОРЕОГРАФИЯ, ТЕАТР)