«ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА «ТОҚТАУМЕН ОҚУ» СЫН ТҮРЛІ ОЙЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.015qazТүйінді сөздер:
сыни тұрғыдан ойлау, тоқтап оқу, деструктивті мінез-құлық, теріс әсер ету, жеке өзін-өзі дамытуАннотация
Мақалада «Жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлық» тақырыбы
бойынша «Оқушылардың даму физиологиясы» сабағында қолданылатын сыни ойлауды
қалыптастыру әдістерінің бірі «Тоқтаумен оқу» әдісі қарастырылады.
«Тоқтаумен оқу» сыни ойлауды дамыту әдістемесі сипаталған. «Жасөспірімдер арасындағы
диструктивті мінез-құлық» сабағында сыни ойлауды қалыптастырудың теориялық және
практикалық аспектілері қарастырылады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі
мақсатарының бірі – оқушыны өз бетінше ойлауға, құрылымдауға және ақпарат беруге үйрету.
Білімді белсенді түрде арттыру, мәселені шешу үшін қажетті ақпаратты алу, «Тоқтаумен оқу»
техникасын қолдана отырып ақпаратты талдау әдісі сипатталған.Оқушылардың даму
физиологиясы бойынша сыни оқыту технологиясының практикалық маңыздылығы зерттелетін
пәннің шеңберін кеңейтуге, оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, тұлғаның
шығармашылық өзін-өзі дамуына ықпал етеді.