ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МОНОЛОГТЫҢ КЕҢДІГІ МЕН ДӘЛДІГІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.25.25qazТүйінді сөздер:
миф, монолог, эволюция, проза, антика, эпизод, диалогАннотация
Сонау антикалық дәуірдегі мифтен қазіргі өскен, күрделенген үлкен жанрроманға
дейінгі кезеңді алып жатқан үлкен тарихи тәжірибені, дамуэволюциясын бастан кешірген ішкі
монолог тәсілі өзінің шын мәніндегікөркемдік қызметіне жазба әдебиетте, әсіресе прозада ғана ие
болды. Олкөркем проза арқылы өзінің әдебиеттегі орнын белгіліп, ғылыми айналымғатүсіп,
ғылыми-теориялық анықтамаға ие болған ішкі монолог тәсілі қазақәдебиетіндегі ХХ ғасыр
басындағы прозада орын алды. Көбінде кейіпкердіңішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір
тәсілі ретінде эпизодтық реттеқолданылып келген қарапайым, дәстүрлі монолог тап осы кезеңде
өзініңсапалық өсу сатысын бастан кешірді. Ол енді тек көркем шығармадағыкейіпкерді сөйлету,
оның ішкі ойын жүйелі түрде айтып шығу секілдіқарапайымдылықтан біржола қол үзіп кетпесе де
бөлектеніп, дербес тәсілге,яғни ішкі монологқа айналды.