ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Қабыл А.Ә Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова
  • Сарыпбекова А.Т

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.04.26qaz

Түйінді сөздер:

экскурсия, музей, мектеп-гимназия, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, музейтану, экспозиция, педагогикалық жүйе, жеке тұлға, дидактика, аспект.

Аннотация

Музей мекемесін танымдық көзқараста шығармашылық ізденіс пен ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғаса мәдени-ағарту орталығы деп қарастырамыз. Музей коммуникациясының білімдік аспектілерін зерттейтін ғылым ретінде «музей педагогикасы» түсінігі жаңа ой-таным мазмұнымен толығуда.  Бұл жердегі басты мақсат – білім және тәрбие беру негізінде жас буын өкілдерін музей мәдениеті арқылы жеке тұлғадағы шығармашылық мүмкіндіктерінің белсенділігін арттыру. Өмірлік жолды таңдауда және қоршаған ортаны танып-білуде жеке тұлғаның үйлесімділігіне себеп болатын өнер атаулының көркемдік түйсігі негізінде жаңа дүниетанымды қалыптастырады. Осы тұрғыда экскурсияны музейлік-педагогикалық процестің негізгі формасы ретінде қарастыруға болады. Сонымен бірге экскурсия жастарды тәрбиелеу және оқытудағы кешенді тәсілде маңызды орынға ие және оқытудың бір түрі ретінде педагогикалық жүйе ретінде ұсынылады.  Адамның қалыптасуындағы бос уақытын тиімді пайдалану үрдісінде экскурсияның тәрбиелік маңызы үлкен.

Загрузки

Жарияланды

2025-06-03

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ