ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІҢ БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.08.28qazТүйінді сөздер:
цифрлық трансформация, бизнес-процестерді басқару, цифрландыру, инновациялар, Қазақстан тәжірибесі, цифрлық экономикаАннотация
Қазіргі кезеңде цифрлық трансформация – әлемдік экономикалық дамудың басты факторларының бірі болып табылады. Ол ұйымдардың құрылымдық және функционалдық қызметіне түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа технологияларды бизнес-модельдерге интеграциялау арқылы тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Цифрлық трансформация ұғымы тек ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізумен шектелмейді; ол бизнестің стратегиялық мақсаттарын қайта қарастырып, инновациялық мәдениетті қалыптастыруды және ұйым ішіндегі басқару процестерін оңтайландыруды қамтиды. Қазақстандық кәсіпорындар тәжірибесінде цифрлық трансформацияның табысты жүзеге асуы көбіне стратегиялық басқарудың сапасына, инновациялық мәдениеттің деңгейіне және кадрлық әлеуеттің дамуына байланысты. Цифрлық ортада бәсекеге қабілетті болу үшін ұйымдар қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, өзгерістерді басқару механизмдерін жетілдіруге және жаңа технологияларды енгізу стратегияларын қалыптастыруға назар аударуы қажет. Зерттеу нәтижелері цифрлық трансформацияның тиімділігі тек технологиялық инфрақұрылымның дамуына емес, сонымен қатар ұйымдық мәдениеттің өзгеруіне, икемді басқару тәсілдерінің енгізілуіне және инновациялық ойлаудың қалыптасуына тәуелді. Осылайша, цифрлық трансформация қазіргі заманғы бизнес-экожүйенің ажырамас бөлігіне айналып, ұлттық экономиканың тұрақты өсуі мен жаһандық интеграциясына ықпал ететін стратегиялық бағыт ретінде қарастырылады.

