ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАСТАМАЛАРЫ (ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЫСАЛЫ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.11.28qazТүйінді сөздер:
білім беру, бастамалар, Өзбекстан, стратегия, білікті кадрлар, келісімдер, жоғары оқу орындары, жаһандану, ұйымдарАннотация
Бұл мақалада Өзбекстанның бүгінгі күндегі білім беру бастамалары жан-жақты талданып, олардың елдің жағымды имиджін нығайтудағы, гуманитарлық байланыстарды дамытудағы және халықаралық беделін арттырудағы рөлі қарастырылады. Өзбекстанның білім беру жүйесінің сыртқы саяси аспектілеріне ерекше назар аударылады, оған жаһандық білім беру форумдарына қатысу, екіжақты және көпжақты жобаларды жүзеге асыру, шетелде жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, академиялық ұтқырлықтар мен білім беру конференцияларын ұйымдастыру жатады. Зерттеу «білім беру дипломатиясы» тұжырымдамасы аясында Өзбекстан мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсаттарын қамтиды, нормативтік-құқықтық базаны, халықаралық келісімдерді және білім беру бастамаларының сәтті жүзеге асырылуының нақты мысалдарын талдайды. Ғылыми талдау негізінде білім беру саласы Өзбекстанның халықаралық саясатындағы «жұмсақ күштің» басты құралына айналып, оның әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға және халықаралық қауымдастықпен сындарлы диалогты дамытуға ықпал ететіні туралы қорытынды жасалады.

