ЖОШЫ ҰЛЫСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ӘБІЛҒАЗЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Ташқараева Ә.М Таразский региональный университет имени М.Х.Дулати

DOI:

https://doi.org/10.54251/2708-0897.2024.4.03qaz

Аннотация

Түбі бір түркі тайпаларының өзіне тән этникалық ерекшеліктері мен өзара жақындық байланыстарын анықтауда ортағасырлық мұсылман авторларының жазбаларының деректері құнды. Бұл әсіресе, Жошы ұлысы мен оның орнына орнаған хандықтардың этно-саяси тарихын зерделеуде анық көрінеді. Мақалада Жошы ұлысының тарихын зерттеуде Әбілғазының «Шежіре-и Таракиме» және «Шежіре-и Түрік» шығармаларындағы деректерді талдаудың маңызын көрсеттік. Қазақстан аумағында ғасырлар бойы сандаған халықтар мен ру-тайпалардың тағдыры тоғысып, этноәлеуметтік қатынастардың күрделі процесі жүрді. Қазақстан жерінде ру-тайпалар мен халықтардың шығу тегі мен дамуына жағдай жасаған этногенетикалық процесстердің негізі ежелгі кезеңнен басталады. Алғашқыда бұл процесстер автохтонды тұрғындармен байланысты болды, уақыт өте келе Қазақстан территориясындағы этноәлеуметтік қатынастар, ірі этносаяси қауымдастықтардың құрылуы Орталық Азия жүрген этникалық процесстерге тікелей тәуелді болды.

Загрузки

Жарияланды

2024-06-28

Шығарылым

Бөлім

ҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ